Павлодарда жас босанған 4 әйел коронавирус жұқтырған. Науқастар қазір карантинде. Перзентханаға түскен бойда олардан ПТР сынамасы алынған. Бірақ қорытындысы шыққанға дейін толғақ қысып, төртеуі де босанады. Алдын ала жасалған сынама нәтижесі сәбилердің короновирустан аман екендігін көрсетті. Жүкті әйелдерді босандырған дәрігерлердің де вирус жұқтырмағаны анықталды. Бірақ олар басқа мамандардан оқшауландырылып, біраз уақыт карантинде болады.
Айдар Сейтқазинов, облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы:Босанған аналардың екеуі үйлеріне шығарылды. Денсаулықтары қанағаттанарлық жағдайда. Сәбилерімен бірге дәрігер бақылауында болады. Ал басқа екеуін инфекциялық стационарға ауыстырдық. Олардың бүлдіршіндері әзірге перенаталдық орталықта болады.
Болат Аманбаев