Қазақстан Беларуське жылына 3,5 млн тоннаға дейін мұнай тасымалдауы мүмкін. Екі ел қара алтын өнімдерін жеткізу туралы келісім жасасуды жоспарлап отыр. Құжатқа сәйкес, экспортталатын шикізат Беларусьтің тек ішкі нарықтағы қажеттілігі үшін қолданылады. Демек, реэкспорт жасауға шектеу қойылмақ. Егер Беларусь тарапы келісімшартты бұзса, Қазақстан мұнай жеткізуді тоқтатуға құқылы. Шикізат тасымалымен екі елдің ұлттық теміржол және магистральды құбыр операторлары айналысады. Келісім жүзеге асса, елден 2024 жылға дейін мұнай экспортталады.
Ақерке Бектас