Жастар мәдени құндылықтарды ұмытпауы тиіс - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жастар мәдени құндылықтарды ұмытпауы тиіс

18.11.2020

Жастар жаһандық өзгерістерге қарамастан рухани, мәдени құндылықтарды ұмытпауы тиіс. Әр азамат өз елінің ғана емес, өзге ұлттардың да құндылықтарын бағалап үйренгені жөн. Бұл туралы бүгін Қазақстанның халық партиясы ұйымдастырған «Қазақстан - біздің ортақ үйіміз» атты онлайн кездесуде айтылды. «Сондай-ақ, мемлекеттің келешегі үшін білім мен заман көшінен қалмағаны абзал», - дейді партия өкілдері. 

Александр Зевахин, Қазақстанның халық партиясы облыстық филиалының бірінші хатшысы:
Жастар еліміздің негізгі қозғаушы күші. Білім, инновация көшіне ілесуші, оның пайдасын елге әкелуші де солар. Дегенмен жастар еліміздің материалдық және рухани құндылықтарын сақтай отырып, мемлекетімізді нығайтуға, экономикасын дамытуға күш салуы тиіс. Біз осы бағытта кіші буын өкілдерімен жиі кездесулер өткізіп тұрамыз. 

Есірткі саудасын жасырын жарнамалауға жол бермеу керек. Қазақстанның халық партиясының Батыс Қазақстан облысындағы өкілдері онлайн жиында осы тақырыпты талқылады. Қылмыстық кодекске өзгерту енгелі, өңірде мұндай фактілер едәуір азайған. Дегенмен түбегейлі жойылған жоқ. Мәселен, биыл облыс полицейлері есірткі саудасын жарнамалау бойынша 6 қылмыстық іс қозғалған. Қазір кінәлілер анықталуда. 

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу