Қазақстанда он айда 92,4 мың тонна тәтті дайындалған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда он айда 92,4 мың тонна тәтті дайындалған

19.11.2020
Қазақстанда он айда 92,4 мың тонна тәтті дайындалған

Қазақстанда 2020 жылдың қаңтар-қазан айларында 92,4 мың тонна печенье мен сақтау мерзімі ұзақ кондитерлік өнімдер шыққан. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 8%-ға артық. Оның ішінде шоколад пен одан жасалған кондитерлік өнімдердің өндірісі бір жылда 3,2%-ға өсіп, 83,8 мың тоннаға жетті. 

Үш тоқсанның қорытындысына қарасақ, осы өнімдердің 94,3%  Алматы, Қостанай және Алматы облыстарындағы зауыттарда дайындалған. 

Тәтті өнімдерді шығаратын негізгі үш компанияны атасақ, олар - оңтүстіккореялық LOTTE Confectionery-ға қарайтын «Рахат» АҚ, «Баян-Сұлу» АҚ, lker Group түрік компаниясының еншілесі «Хамле» компаниясы. 

Айта кету керек, қазақстандық кондитерлер халықаралық нарыққа да өнім шығарады. Бұған дейні сауда және интеграция министрлігі хабарлағандай, биыл  3-ші Шанхай халықаралық импорттық тауарлар көрмесіне Қазақстанның  35 азық-түлік өндірушісі қатысқан. 

шоколад кондитерлік өнім печенье Хамле Рахат

Хабарламаларға жазылу