Елорда тұрғыны мектептер мен мешітке тегін бетперде таратты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елорда тұрғыны мектептер мен мешітке тегін бетперде таратты

19.11.2020

Жақсылық жасау – жүректің ісі. Нұр-Сұлтандық азамат, 2017 жылы Қытайдан көшіп келген қандасымыз Ғалым Үлкенбайұлы елорда мектептері мен Әзірет Сұлтан мешітіне бетперде таратты. Бұл игі іске көршілес елдегі бауырларымыз мұрындық болған. Үрімжі қаласындағы қандастарымыз бүгінге дейін 200 мың бетперде беріп жіберген. «Олардың барлығы осындай білім ошақтары мен адам көп жиналатын орындарға таратылатын болады», - дейді Ғалым Үлкенбайұлы.

Ғалым Үлкенбайұлы, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны: 
-Қытайдағы 1 млн 300 мың қандасымыздың атынан. Жақынымызға жанашыр болу. Осындай кезде бір-бірімізді жақын тартып, бір-бірімізді паналап жұмыс жасамасақ, жаман аурудан құтыла алмаймыз.

Бір күнде жиыны 28 мыңдай бетперде таратылды. Білім ошақтары оларды әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар мен кезекші сыныптарға үлестірмек. Ал мешіттерге берілген бетперделер мұқтаж жандар мен жамағатқа таратылады. Айта кетерлігі, Қытайдағы қандастарымыз болашақта өкпені жасанды желдету аппаратарын да беріп жібермек.   


Хабарламаларға жазылу