Өткен тәулікте 791 адамнан вирус анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өткен тәулікте 791 адамнан вирус анықталды

20.11.2020

Қазақстанда коронавирус қарқыны бәсеңдер емес. Өткен аптамен салыстырғанда бір күнде тіркелетін науқастар саны орта есеппен 200-ге артқан. Кеше еліміз бойынша 791 адамнан вирус анықталды. Оның ішінде 93 оқушы жұқтырып алғандығы белгілі болды. Басым көпшілігі онлайн оқудағы балалар. Ал өңірлер бойынша келетін болсақ, 240-тан астамы Шығыс Қазақстан облысында тіркеліп отыр. Одан кейін Алматы қаласы мен Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстарында науқастар көп анықталған. Ал вирусты пневмония бойынша елімізде 158 жағдай расталып отыр.   

Шерхан Жамбылұлы  


вирус коронавирус науқас

Хабарламаларға жазылу