Қазан айында еуро ең көп ұсталған валютаға айналды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазан айында еуро ең көп ұсталған валютаға айналды

20.11.2020

Еуро долларды басып озып, биыл қазанда ең көп пайдаланылған валютаға айналды. SWIFT халықаралық жүйесінің мәліметінше, 2013 жылдан бері алғаш рет еуроның үлесі доллардан жоғары көтерілді. Сонымен трансшекаралық төлемнің 37,8% еуромен жасалған. Доллар үлесінің қысқаруын Блумберг коронавирус кезіндегі экономикалық құлдыраумен байланыстырып отыр.    

Ал бүгінгі валюта бағамына тоқталсақ. Теңгенің еуроға шаққандағы бағамы 506 теңгеге теңесті. Доллар 427, рубль 5,62 теңге шамасында.  

Ақерке Бектас


еуро валюта

Хабарламаларға жазылу