Алаяқтардың жаңа айласынан сақ болыңыз. Қылмыскерлер қазір коммуналдық қызметтің жалған түбіртегін жасауға көшті. Ал тұрғындардың төлем жасауы үшін өз есепшоттарын жазып қойған. Ішкі істер министрлігі жалған түбіртектерге қатысты бірнеше қылмысты анықтады. Сондықтан коммуналдық қызмет ақысын төлейтін кезде реквизитті мұқият тексеруді ескертеді.
Ақерке Бектас