Математика-жаратылыстану бағытындағы пәндер бойынша Павлодарда өтіп жатқан республикалық олимпиада мәресіне жетті. Еліміздің барлық өңірінен жиылған 800-ге жуық оқушы математика, физика, химия, биология, география және информатика пәндерінен 5 күн бойы білімдерін сынады.
Елбасының «Зияткер ұлт-2020» ұлттық жобасы аясында ұйымдастырылған олимпиаданың мақсаты - оқушылардың теориялық білімін жетілдіріп, шығармашылық қабілетін ашу, іскерлікке баулу.
Болат АМАНБАЕВ