Олар алты ай бойы әлеуметтік төлем ретінде алдыңғы жалақысының 40% алады.
Жыл басынан бері Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) жұмысынан айырылуына байланысты 82,1 мың адам әлеуметтік төлем алды, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірлігінің баспасөз қызметі.
Қазақстанда жұмыстан босатылған қызметкерлерге міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жәрдемақы беріледі.
Әлеуметтік төлем жұмыстан шығу себептеріне қарамастан тағайындалады.
Жәрдемақы алуға өтініш беру үшін не істеу керек?
- Egov.kz порталындағы «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бөлімінінен «Жұмыс іздеуші адамдарды тіркеу» сервисін таңдаңыз;
- Жеке мәліметтеріңізді көрсетіп, өтініш жіберіңіз;
- Бір күн ішінде Жұмыспен қамту орталығы сізге бос жұмыс орындарын ұсынады. Егер жұмыс табылмаса, сізге қашықтан жұмыссыз деген мәртебесі беріледі;
- Жұмыссыз ретінде тіркелген соң әлеуметтік төлем тағайындау бойынша ұялы телефонға SMS-хабарлама келеді. Оған жауап беру қажет. Төлем автоматты түрде тағайындалады;