Президент жұмыс сапарымен Қарағанды облысына келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент жұмыс сапарымен Қарағанды облысына келді

23.11.2020
Президент жұмыс сапарымен Қарағанды облысына келді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.

Президент сапар барысында құрылысы биыл аяқталған білім және спорт орталықтарының жұмысымен, пандемия кезіндегі өңірде білім беру процессін ұйымдастыру ісімен танысады. 

Мемлекет басшысы бірқатар индустриалды өндіріс орындарын аралап көріп, аймақта жүзеге асырылып жатқан ірі инвестициялық жобалармен және "Сарыарқа" арнайы экономикалық аймағының даму барысымен танысады деп жоспарланған.

Сонымен қатар «АрселорМиттал Теміртау» металлургиялық комбинатына барады.

Хабарламаларға жазылу