Шымкенттегі сұлулық салондарында санитарлық талаптар сақталмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкенттегі сұлулық салондарында санитарлық талаптар сақталмайды

23.11.2020

Шымкент қаласындағы сұлулық салондарында санитарлық талаптар сақталмайды. Тексеру кезінде салонға келушілер және ондағы қызметкерлердің өзі де бетпердесіз жүрген. Бұдан бөлек, жұмыс кезінде бір реттік қолғапты пайдаланбайтын жайттар жиі кездескен. Сондай-ақ қызмет көрсету орындары денеге жанаспайтын қызу өлшеуіш құралдармен қамтамасыз етілмеген. Ал сатып алғандардың өзі термометрді тіпті қолданбайтын болып шықты. Жалпы карантин басталғалы шаһардағы шаштараз, монша, массаж және сұлулық салондарының санитарлық талапты бұзуының 42 дерегі анықталған. 

Тамара Алдабергенова, мобильді топ мүшесі:
Бүгінгі тексеру нәтижесі бойынша әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 425-бабы бойынша жазаға тартылады, айыппұл төлейді.   

Ғани Қалмахан 

Хабарламаларға жазылу