«Ақжайық» қорығындағы құстар пастереллезден қырылған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ақжайық» қорығындағы құстар пастереллезден қырылған

24.11.2020

Атыраудағы «Ақжайық» мемлекеттік табиғи қорығында қырылған құстардың пастереллезге шалдыққаны анықталды. Сондай-ақ алынған сынамалардан құс тұмауы табылмады. Бұл – Нұр-Сұлтандағы зертхананың жасаған қорытындысы. Бұған дейін әлемдік құс жолында орналасқан резерват аумағынан, 80-нен астам шағала мен суқұзғынның өлексесі табылғанын айтқан едік. Бүгінде өлген құстың саны 150-ге жуықтады. 

Арман Молдашев, облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтың инспекциясы басшысының орынбасары: 
Не себептен пастереллез инфекциясы болғаны, әрі қарай оның адамға жұғатын жұқпайтыны туралы алдағы уақытта тағы да қорытынды болады.

Жандос Темірғали


Хабарламаларға жазылу