Экологиялық проблемаларды шешудің жол картасы бекіді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Экологиялық проблемаларды шешудің жол картасы бекіді

24.11.2020

Бейберекет қоқыс полигондары жабылады. Үкімет басшысы экология министріне осындай тапсырма берді. Елде тұрмыстық қалдықтарды тастайтын 3,5 мыңдай орын болса, соның 620-сы ғана талапқа сай. Ведомства өңірлердегі әкімдіктермен бірлесіп, осы проблеманы реттеуі тиіс. 2025 жылға дейін Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтөбе мен Тараз қалаларында 6 қоқыс өңдейтін зауыт пилоттық жоба ретінде іске қосылады. Қатты қалдықтарды өңдеудің үлесі 30%-ға жетеді деген жоспар бар. 

Жалпы, Қазақстанда экологиялық ахуал мәз емес. 10 қаланың ауасы қатты ластанған. Осы түйткілдерді шешу үшін өңірлік жол карталары бекіді. Соның аясында кәсіпорындарға озық технологиялар енгізіп, 2024 жылға қарай атмосфераның ластану индексін төмендету жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, алдағы 5 жылда орман аумағын 500 мың гектарға ұлғайтып, 2 млрдтан астам ағаш отырғызылуы тиіс. 

Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрі: 
Көптеген ел экологиялық қауіпсіздік және қоршаған ортаны сақтау бойынша жоғары мақсаттар қояды. Осыған орай ең озық тәжірибені ескере отырып, жаңа экологиялық кодекс әзірленді. Кодекстің қабылдануын ағымдағы жылы қамтамасыз ету керек.

Асима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу