ШҚО-да жалған анықтама сатқан дәрігерлер 2,8 млн теңге айыппұл төлейтін болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да жалған анықтама сатқан дәрігерлер 2,8 млн теңге айыппұл төлейтін болды

26.11.2020
ШҚО-да жалған анықтама сатқан дәрігерлер 2,8 млн теңге айыппұл төлейтін болды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері шығысқазақстандық дәрігерлердің карантин кезінде шекарадан өту үшін жалған анықтамалар сатқанын анықтады. Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметі хабарлады. 

«ҚР ҰҚК ШҚО бойынша Департаментімен «Ж» жеке медициналық орталығымен ұйымдастырылған ҚР шекарасын заңсыз өтуге қолданылатын жалған дәрігерлік консультациялық комиссия (ДКК) қорытындыларын сату бойынша қызметі тоқтатылды.

2020 жылдың 18 қыркүйегінде жедел-іздестіру шараларын асыру барысында, жалған ДКК қорытындысын бақылау сатып алу нәтижесінде аталған медициналық орталық қызметкерлерінің заңсыз әрекеті расталды.

Жедел-тергеу шаралардың нәтижесінде алдында берілген 200 жуық ДКК қорытындылары, дәрігерлердің қолы мен таңбалары қойылған толтырылмаған бланкілер, таңбалар және компьютерлік техника табылып, тәркіленіп алынды», - делінген хабарламада.

Куәгерлерден жауап алу нәтижесінде ДКК қорытындыларының түпнұсқалары алынып, сәйкес экспертизаға жолданды.

Белгілі болғандай, медициналық орталықтың директор орынбасары мен бас дәрігері 5 мың теңге ақшалай сыйақы үшін жалған ДКК қорытындыларын тұлғаларға сатып отырған. Сонымен қатар, шетел медициналық мекемесінен шақыру қажет болған жағдайда, қызмет бағасы 10 теңгеге бағаланды.

«Аталған факт бойынша ҚР ҰҚК ШҚО бойынша Департаментімен ҚР ҚҚ 385 бабы 1 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жүргізілген тергеу шаралары және жинақталған дәлелдемелер нәтижесінде күдіктілер өз кінәсін толығымен мойындады», - деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметі.

2020 жылдың 19 қарашасында сотпен күдіктілер ҚР ҚҚ 385-бабы 2-тармағы бойынша кінәлі болып табылып, әрқайсысына 1000 АЕК көлемінде (2 778 000 теңге) айыппұл тағайындалды.

ШҚО

Хабарламаларға жазылу