Дәрігер: Сақтық, тәртіпке бағыну – індетке тосқауыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дәрігер: Сақтық, тәртіпке бағыну – індетке тосқауыл

26.11.2020

Қаншама адамның өмірін жалмаған індеттен сабақ алып, тәртіпке бағыну керек. Сонда ғана инфекцияның таралуына жол жоқ. Осылай деген алматылық анестезиолог-реаниматолог Мұрат Дәрібаев карантин шараларының маңызына мән беру керектігіне тоқталды.

Дәрігер COVID-19 вирусының өршіген тұсында күндіз-түні тынбай наустар өмірі үшін күресті. Аурудың ауыр салдарын халық жіті түсініп, алда да барынша сақ болса дейді. 

Мұрат Дәрібаев, анестезиолог-реаниматолог:
«Тәртіпке жүгінген құл болмайды». Барлық айтылып жатқан ақыл-кеңестер жайдан-жай емес қой. Олар тек халықты ойлап жасап жатыр. Болған нәрселердің барлығын ақылға салып, кішкене өздері анализ жасап көрсе деймін.

Жазира Оразқызы

дәрігер кеңесі

Хабарламаларға жазылу