Ахметжан Есімов әлемдік инвестициялық ұйымдардағы ТОП-10 басшының қатарында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ахметжан Есімов әлемдік инвестициялық ұйымдардағы ТОП-10 басшының қатарында

26.11.2020

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов әлемдік инвестициялық ұйымдар басшыларының үздік ондығына кірді. Халықаралық ұлттық әл-ауқат қорлары институтының мәліметінше, Ахметжан Смағұлұлы ең беделді менеджерлердің арасында 9-орынға ие. Ал рейтингті АҚШ Федералды резерв жүйесінің төрағасы Джером Пауэл бастап тұр. 

Сондай-ақ бұл тізімде Қытай, Біріккен Араб Әмірліктері, Аустралия қорларының басшылары бар. Бұл тізімді түзу кезінде қорлардың табысы, ерекше жобалары және жаңа жобалары есепке алынған. Бұрын институт үздік жүздіктің есімін жариялайтын. Алайда биыл тек ең беделді 10 топ менеджермен шектелген. 

Шерхан Жамбылұлы

Самұрық-Қазына рейтинг

Хабарламаларға жазылу