ОСК «Ауыл» партиясының сайлауға қатысатын кандидаттарын тіркеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ОСК «Ауыл» партиясының сайлауға қатысатын кандидаттарын тіркеді

26.11.2020

Парламент Мәжілісі депутаттарының алдағы сайлауына «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы атынан 19 үміткер қатысады. Партия ұсынған тізімді бүгін орталық сайлау комиссиясы тіркеді. Оның ішінде төрт әйел және 29 жасқа толмаған екі азамат бар. Барлық үміткер үшін 12 млн теңгеден аса сайлау жарнасы төленбек. Енді қаулыға сай сол кандидаттарға куәлік табысталады. Тізімге енгендер арасында Ауыл шаруашылығы экс-вице министрі, журналист, кооператив пен шаруа қожалығының иесі бар. 

Асылбек Смағұлов, ҚР Орталық сайлау комиссиясы мүшесі:
-Партиялық тізім өзгеруі мүмкін. Біріншіден, егер сол сайлауға қатысып жатқан адам өзінің лауазымдық қызметін теріс пайдаланатын жағдай болатын болса. Мына тізім аяқталмай жатып үгіт-насихат жүргізетін болса және декларацияда көрсетілген мәліметтері дұрыс болмаса.  

Жалпы, сайлау науқаны басталғаннан бері Орталық сайлау комиссиясы 34 өтінішті қарады. Оның 5-еуі – жеке, 29-ы – заңды тұлғалардан түскен. Өтініштерде жиі көтерілетін мәселелердің ауқымына сайлау заңнамасын жетілдіру туралы ұсыныстар еніп отыр. Сондай-ақ, сайлау туралы заңның нормаларын түсіндіру, сайлау процесін ұйымдастыру бойынша ақпарат беру, сайлау заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсыныстар бар.

Фариза Мұсақызы

ОСК «Ауыл» партиясы сайлау кандидат

Хабарламаларға жазылу