Жұрт сәл тұмауратса болды, бірден антибиотик ішуге құлшынады. Әсіресе қазіргідей індет өршіп тұрғанда бұл үрдіс жаппай белең алып барады. Бірақ мамандар бұл өте қате дейді.
Сымбат Ахметова, жалпы тәжірибелік дәрігер:
Науқастар алғашқыда өздері антибиотик ішіп бастайды, ол - өте қате пікір. Антибиотикті тек қана екіншілік инфекция, бактериялық инфекция қосылған кезде дәрігер өзі тағайындайды. Алғашқы кезінде тек вирусқа қарсы ем қолдану керек. Вирусқа қарсы препараттар.
Жанерке Берліқожа