«Жастар мен балалар арасында қайырымдылықты дәріптеу» жобасының қорытынды баспасөз-конференциясы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жастар мен балалар арасында қайырымдылықты дәріптеу» жобасының қорытынды баспасөз-конференциясы өтті

27.11.2020
«Жастар мен балалар арасында қайырымдылықты дәріптеу» жобасының қорытынды баспасөз-конференциясы өтті

«Жастар мен балалар арасында қайырымдылықты дәріптеу» әлеуметтік жобасының нәтижелерін қалың бұқараға ұсыну бойынша қорытынды баспасөз-конференциясы өтті. Бұл жоба 2020 жылдың шілде айынан Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранты аясында жүзеге асырылды.

«Арнау» даму орталығының жетекшісі Ұлан Әбішев, жоба мақсаттары – Қазақстанда қайырымдылық үдерістерін жүйелілеу және стандарттау, адамдарды игі істер жасауға талпындыру, мұқтаж адамдарға бірлесе көмектесу, сонымен бірге, жастар мен қоғам арасында қайырымдылық мәдениетін арттыру екенін атап өтті. Сонымен қатар, жоба басшысы тыңдаушылар назарын алты ай ішінде жүзеге асырылылған іс-шараларға аударып, оның басты көрсеткіштеріне тоқталды:

Екі тілді «Amal2020.kz» сайты және «Amal» мобильдік қосымшасы жасалынды. Онда жоба бойынша барлық өзекті ақпарат, қайырымдылық ұйымдарының мәліметтер базасы жарияланып, барлық қалаушыларға көмек сұрау немесе ұсыну формасы орналастырылды.

Қайырымдылықпен және оның қоғамдағы тұрпаты, жақсылық туралы балалар ойы, әлеуметтік эксперимент және қазақтың көне дәстүрі «Асармен» байланысты 10 бейнеролик әзірленіп, әлеуметтік желілердегі жобаның ресми парақшаларында көрсетілді.  Жастар арасында «Жақсылық жаса» креативтік идеялар бәсекесі еліміздің жетекші университеттерінің дебаттық топтарының арасында өткізілді. Жастар қайырымдылық туралы өз идеяларымен, оның артықшылықтары мен даму механизмдерімен бөлісті.

Әлеуметтік желілердегі жобаның ресми парақшаларында қайырымдылық істерін жүзеге асыратын белгілі медиа тұлғалар қатысуымен тікелей эфирлер топтамасы жүргізілді. Олар өздерінің қайырымдылық шараларын жүзеге асыру және меценаттық идеялары дамыту тәжірибелерімен, сонымен бірге, жастар мен балалар арасында оны насихаттау тәсілдерімен бөлісті. Еліміздің 20 жетекші университеттерінің 600 астам студенттер үшін қайырымдылық туралы лекциялар ұйымдастырылды. Лекторларды қатарында белгілі экономист Олжас Хұдайбергенов, «Бас редакторлар клубы» ҚБ президенті Бибігүл Жексенбай, «Болашақ» корпоративтік фондының директоры Азамат Божақов, Шымкент қаласында Ұлттық волонтерлік желінің өкілеті Данара Саранова және Қазақстан мен АҚШ арасында қарым-қатынасын дамыту бойынша сауда кеңесінің президенті Дэвид Валера және басқалары.

«Жақсылық жаса» челленджі аясында «Кішкентай сиқыршылар» суреттер байқауы өткізілді. 5 және 12 жас аралығындағы балалар өздерінің суреттерін Instagram әлеуметтік желісінде жарияланды. Осылай, олар қайырымдылық туралы өзінің ойымен бөлісті. Байқау аудитория арасында кең таралып, балалар мен олардың ата-аналары белсенділік танытты. Барлығы байқауға 80-нен астам сурет қатысып, оның жеңімпазы Тараз қаласынан Сафина Каримова болды.

БАҚ және әлеуметтік желілер мен БАҚ-нда кең ақпараттық кампаниялар жүзеге асырылды. Күнделікті әлеуметтік желілерде посттар мен материалдар жарияланып, барлығы жоба туралы БАҚ-та 700-ден астам материал жарық көрді. Қазақстан Азаматтық Альянсының вице-президенті Гамал Түзелбаев өз сөзі барысында жобаның әлеуметтік маңыздылығына тоқталып, болашақта қайырымдылықты жүзеге асыруда қоғамның атсалысуына көңіл бөлді. Спикер қайырымдылық мектебінің іске қосылып, студенттерге қайырымдылық туралы 10 тренингтер өткізілгеніне тоқталды. Қатысушылардың тірі қызығушылығы да назарға алынды. 

Өз кезегінде Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің директоры Ақерке Жұманбаева «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы қайырымдылық бағыттарына аса көңіл бөліп, олардың қоғамдық сананың модернизациялануымен қалайша үйлесетіндігін айтып өтті. Сонымен қатар, басты назар жақындарға көмектесу қажеттілігінде болды, себебі, тек осылай ғана қоғам бірлестігі пайда болады делінді.


қайырымдылық баспасөз-конференция

Хабарламаларға жазылу