Ипотекаға өтініш қабылдау басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ипотекаға өтініш қабылдау басталды

27.11.2020

Құрылысы аяқталмаған үйден пәтерді ипотекаға рәсімдеуге өтініш қабылдау басталды. Бір ай бұрын Ұлттық банк «Баспана хит» бағдарламасына өзгеріс енгізіп, тұрғындарға осындай мүмкіндік берген еді. 

Ал оған дейін жұрт жаңа немесе бұрын қолданыста болған баспаналарды ғана несиеге рәсімдей алатын. Енді ипотекамен үлестік құрылысқа қатысуға рұқсат берілген соң, пәтерді әлдеқайда төмен бағамен алуға болады. Бірақ құрылыстың аяқталғанын күтуге тура келеді. Ал өтінішті әзірге екі коммерциялық банк қабылдап жатыр. 

Айбар Олжай, «Қазақстанның орнықтылық қоры» сыртқы байланыстар қызметінің бас менеджері:
-Біздің жоспарларымыз бойынша алдағы үш күннің ішінде осы үлестік құрылыс аясында салынып жатқан үйге несие алған алғашқы клиент пайда болуы керек. 

Досжан Маратұлы 

Ипотека өтініш

Хабарламаларға жазылу