Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы алдағы сайлауға қатыспайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы алдағы сайлауға қатыспайды

29.11.2020

Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның да съезі өтті. Онда партияның алдағы Парламент Мәжілісі мен мәслихат сайлауына қатыспайтыны туралы шешім қабылданды. Дауыс беру қорытындысы бойынша съезге қатысқан залдағы партия мүшелерінің 80 пайызы, яғни 32-сі бойкот жариялауды қолдады, 3 адам сайлауға қатысуға дауыс берді. 5 адам қалыс қалды.

Съезді қорытындылай келе Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының төрағасы Асхат Рахымжанов: «Жұмысты ары қарай жалғастыруымыз керек. Бойкотпен өмір тоқтап қалмайды. Алда тағы сайлау болады. Біз партияны құру жұмысын жалғастыруымыз керек. Биыл біршама істі тындыруды көздеген едік. Болған жайларды ой елегінен өткізерлік уақыт бар. Біз жаңғыру бағдарын жариялауымыз керек», - деген.  

Алдағы сайлау науқанына байланысты саясаттанушылардың әлеуметтік желілердегі жазбаларынан үзінді ұсынамыз.


Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы сайлау

Хабарламаларға жазылу