ОПЕК+елдері мұнай өндірісін шектеуге қатысты ортақ келісімге келмеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ОПЕК+елдері мұнай өндірісін шектеуге қатысты ортақ келісімге келмеді

30.11.2020

ОПЕК+ елдері мұнай өндірісін шектеуге қатысты ортақ келісімге келе алмады. Біріккен Араб Әмірліктері мен Қазақстан қазіргі қысқаруды сақтау туралы ұсынысқа қарсы шықты. Ал Сауд Арабиясы мен Ресей керісінше мұнай өндірісін шектеуді қолдап отыр. Егер осы аптада тараптар ортақ келісімге келмесе, ОПЕК+ жаңа жылда күніне 1,9 млн баррелге дейін өндіру туралы шешім қабылдауы мүмкін.

Ал бұл уақытта мұнай бағасы 2 процентке құлдырап, баррелі 47 доллардан төмен түсіп кетті. Ал доллардың құны қымбаттады. Шетел валютасы шамамен 1 теңгеге өсіп, 424 теңге 86 тиынға теңесті.  

Ақерке Бектас 


ОПЕК+ мұнай келісім

Хабарламаларға жазылу