Қараусыз қалған тоқ тарату тораптары енді қала меншігіне өтеді. Шаћар басшысының қаулысымен бұл желілер коммуналдық мекемелерге ары қарай қызмет көрсету үшін тегін беріледі.
Иесіз қалған, қараусыз жатқан инженерлік желілерді қала меншігіне өткізу бірінші кезекте тұрғындардың сапалы коммуналдық қызметтер алуына жағдай жасайды. Әрі тарифтің төмендеуіне, қалалық тарифпен теңестірілуіне мүмкіндік береді, - дейді қалалық басқарма маманы.
Асыл Мұқанәлі, қалалық энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының бас маманы:-Көбінесе қаланың сырт жақтарында түрлі-түрлі электр желілерінде, басқа да желілерде авариялар болып жатады. Авариялар себебі - ол жерлерді ешкім бақыламайды, қарамайды. Дұрыс жұмыс істеу үшін мекемелердің теңгеріміне өткізіледі.
Яғни, қала тіршілігін қамтамасыз ету нысандарындағы коммуналдық апаттарды азайтудың басты себептерінің бірі. Иесіз желілерді бақылауда ұстау төтенше жағдай бола қалған жағдайда жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.
Бүгінде электр желілерінің 129 нысаны «Алатау жарық компаниясына» өтеусіз негізде берілді. Сумен жабдықтау желілерінің 77, кәріз желілерінің 63 және жылумен жабдықтау желілерінің 49 нысанына қатысты қаулы әзірленіп жатыр.
Асыл Мұқанәлі, қалалық энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының бас маманы:-8 аудан бойынша 450 нысан иесіз инженерлік нысан табылды. 7 аудан бойынша сот шешімі бар. 1 аудан бойынша сот шешімін күтудеміз.
Былтыр шаћар басшысының тапсырмасымен 6 аудандағы иесіз электр желілерінің 170 нысаны қаланың коммуналдық меншігіне алынған.
Жазира Оразқызы