Нұржан Әлтаевтың депутаттық өкілеттігі тоқтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұржан Әлтаевтың депутаттық өкілеттігі тоқтады

02.12.2020
Нұржан Әлтаевтың депутаттық өкілеттігі тоқтады

Орталық сайлау комиссиясы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұржан Әлтаевтың өкілеттігін тоқтатты. Бұл туралы ОСК-ның баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабының 5-тармағына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 24-бабы 7-тармағының 1) тармақшасына, 9-тармағына, «Nur Otan» партиясының 2020 жылғы 30 қарашадағы № SQ-0101-20/4253 хатына және «Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қаласы филиалының Саяси кеңесі Бюросының 2020 жылғы 30 қарашадағы № 1 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұржан Бауыржанұлы Әлтаевтың өкілеттігі оның «Nur Otan» партиясының қатарынан шығарылғаны туралы «Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қаласы филиалының Саяси кеңесі Бюросының 2020 жылғы 30 қарашадағы № 1 қаулысына байланысты тоқтатылсын», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, ол  2019 жылдың 13 ақпанда Парламент Мәжілісінің депутаты болды. Бірнеше күн бұрын Нұржан Әлтаев  El Tiregi атты өнеркәсіп иелері мен кәсіпкерлер одағы дәл осындай атаумен партия құрмаққа ниетті екенін мәлім еткен еді. 

Хабарламаларға жазылу