Солтүстік Қазақстан облысына шеттен келгендерден індет жиі анықталуда. Мәселен, соңғы екі айда Солтүстік Қазақстан облысына Ресейден келген 184 адамнан коронавирус анықталды. Жалпы, өңірдегі Бидайық, Жаңа жол, Қара қоға автоөткізу бекетінен өткен 30 мыңға тарта адам өткен, соның тек 8 мыңында ғана ПТР анықтамасы болған. Оның ішінде 1866 адам Қазақстан республикасының азаматы. Олар зертханалық зерттеу жүргізу үшін карантинге жатқызылды.
Айнаш Сағындықова, облыстық Санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы:184 адамнан кронавирус анықталды. Тексеріс барысында 15 адам жұқпалы аурулар стационарына жатқылылып, 169-ы амбулаториялық ем қабылдауға жбірілді. 230 Шетел азаматына ел аумағына кіруге тыйым салынды, өйткені олардың ПТР анықтамасы болған жоқ.
Сағындық Сәбитұлы