Ұлттық кеңестің 12 мүшесі Мәжіліс депутаттығына үміткер - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық кеңестің 12 мүшесі Мәжіліс депутаттығына үміткер

03.12.2020

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 12 мүшесі Мәжіліс депутаттығына кандидаттардың партиялық тізіміне енді. Айта кетейік, мемлекеттік басқару жүйесіне жаңа тұлғаларды ұсыну бойынша Президент тың бастама көтерген еді. Мұның бүгінгі қоғамда маңызы айрықша. Мемлекет басшысының кеңесшісі Ерлан Қарин осылай дейді. Бұған дейін Ұлттық кеңестің бірқатар мүшесі министр, әкім және басқа да лауазымды қызметтерге тағайындалған.

Ал Президенттік жастар кадрлық резерві білікті мамандарды жұмысқа тартуда ерекше мәнге ие. Бүгінде аталған қордағы 300-дей жастың 166-сы мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың түрлі сатыларына жұмысқа орналасты.

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу