Ақпараттық қауіпсіздікке байланысты биыл 4 млрд оқиға тіркелді - Ақпараттық қауіпсіздік комитеті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақпараттық қауіпсіздікке байланысты биыл 4 млрд оқиға тіркелді - Ақпараттық қауіпсіздік комитеті

07.12.2020
Ақпараттық қауіпсіздікке байланысты биыл 4 млрд оқиға тіркелді - Ақпараттық қауіпсіздік комитеті

Қауіпсіздік сертификатына байланысты кибержаттығулардың Мәжіліс сайлауына қатысы жоқ. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов мәлімдеді.

«Шын мәнінде, қауіпсіздік сертификаты қазақстандықтарға Интернетке қол жеткізу үшін қажет. Өткен жылы біз сертификатты пайдалануға байланысты алғашқы жаттығуларды өткіздік. Оған байланысты қорытынды жасалды. Биыл да кибержаттығулар аясында біз осы қызметтің 1 күн ішінде қалай жұмыс істейтінін көруге тырыстық. Жалпы, бұл жаттығулар жоспарлы түрде 2017 жылдан бері жасалып келеді. Осы жылы пандемияға байланысты жыл соңына шегерілген болатын. Жоспарлау кезінде біз сайлау болатынын білген жоқпыз. Кибержаттығулардың Мәжіліс сайлауына еш қатысы жоқ», - деді ол.

Комитет төрағасының айтуынша, пандемия кезінде ел заңнамасын бұзатын, жат әрекеттерді дәріптейтін бұрыс ақпарат көбейген.

«Жыл сайын ақпараттық қауіпсіздікке байланысты миллиард оқиға тіркеледі. Биыл олардың саны 4 млрд-қа жуықтады. Сондай-ақ 200 млн-ға жуық кибершабуыл жасалды. Мемлекеттік қызметкерлердің 30 пайызға жуығы зиянды бағдарламалармен фишингтік ресурстар ашып, ақпараттық қауіпсіздік саясатын бұзған.

Жыл басынан бері шетелдік интернет-ресурстардың иелеріне 23 мың құқықбұзушылықты жоюды талап еткен 7 мыңнан астам хат жолданды. Алайда олардың тек 30 пайызы (7 мың материал) түзетілді. 21 мың материалда терроризм, діни экстремизм идеологиясы таратылған. 37 материалда порнография, суицид насихатталған. 137 материалда есірткі тауарларын тасымалдау, тарату мәселелері көтерілген.

Мемлекеттік органдардың мақсаты - осы заң бұзушылықтарды дер кезінде анықтау және оның көзін жою. Міне, осы мақсаттар үшін қауіпсіздік сертификаттары қажет», - деп түсіндірді Әбдіқалықов. 


Хабарламаларға жазылу