Алматы облысының құтқарушылары өткен түнде жолда қалған жеті азаматты құтқарды. Бірнеше күн қозғалысы шектелген Үшарал-Достық трассасында екі жол талғамайтын және бір жүк көлігі қар құрсауынан шығарылды. Әр автокөлікте екі азаматтан отырған. Сондай-ақ төтенше жағдайлар қызметкерлері Алматы-Өскемен-Қапал-Арасан шипажайы тас жолының 35-ші шақырымында боранда қалған жеңіл көлікті қауіпсіз жерге шығарған. Көліктің жанармайы таусылғандықтан құтқарушылар оны Талдықорған қаласына дейін сүйреп келген.
Қуаныш Қанатұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматы облысында жолда қалғандар құтқарылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./news/134613/)