Мұнай арзандап, доллар қайта қымбаттай бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұнай арзандап, доллар қайта қымбаттай бастады

07.12.2020

Мұнай арзандап, доллар қайта қымбаттай бастады. Брент маркалы қара алтын сәл арзандап, қазір баррелі 49 доллардан сатылып жатыр. Көтеріліп келе жатқан мұнай бағасының кері кетуіне әлемдегі эпидахуалдың ушығуы себеп. Әрі ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндірісін арттыруға келіскені тағы бар. Нарықтағы тұрақсыздық теңгеге кері әсер етті.  

Қор биржасындағы сауда-саттық нәтижесі бүгін мынадай: АҚШ ақшасы 422 теңге, Еуро – 511, рубль 5 теңге 70 тиынға тең.

Досжан Маратұлы  


Мұнай доллар ОПЕК+

Хабарламаларға жазылу