Қызылорда облысында коронавирус инфекциясының таралуы айтарлықтай бәсеңдеді. Соңғы тәулікте індет жұқтырғандар тіркелген жоқ. Дегенмен, босаңсуға әлі ерте. Бүгінде облыста 31 адам COVID-19 кеселімен науқастанып, медициналық ұйымдарда тиісті емін алып жатыр. Дәрігерлер жеке бас гигиенасын ұдайы сақтап, көпшілік орындарда бетперде тағып жүруге шақырады
Гүлнар Ілиясова, дәрігер-эпидемиолог:
Коронавирусты инфекциямен бір рет ауырдым және екінші рет ауырмаймын деп ешкім кепілдік бере алмайды. Сол себепті әлі де босаңсуға ерте. Бетперде - ол енді ең басты сақтық шараларының бірі.
Әділбек Серікұлы