Түркияда 304 әскери қызметкерді тұтқындауға бұйрық берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда 304 әскери қызметкерді тұтқындауға бұйрық берілді

08.12.2020

Түркияда 304 әскери қызметкерді тұтқындауға бұйрық берілді. Олар 2016 жылы жүзеге аспай қалған мемлекеттік төңкеріске қатысты деген күдік бар. Мұны бүгін «Анадолы» агенттігі хабарлады. 

Діни уағызшы Фетхуллах Гүленмен байланысты деген адамдарды ұстау операциясы 50-ден астам провинцияда жүргізіліп жатыр. Күдіктілердің арасында 5 подполковник пен 10 капитан бар.

АҚШ-та тұртын Гүлен сол бүлікке қатысын жоққа шығарса да, онымен сыбайлас деген себеппен 80 мыңдай адам тергеліп, 150 мыңдайы мемлекеттік қызметтен аластатылды. Солардың 20 мыңы – әскерилер.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу