Студенттердің сессиясы кейінге қалдырылмайды – БҒМ ескерту жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Студенттердің сессиясы кейінге қалдырылмайды – БҒМ ескерту жасады

09.12.2020

Интернетті сылтауратып, сессияны кейінге қалдыруға болмайды. Білім министрлігі студенттерге ескерту жасады. Мамандардың сөзінше, егер жастардың техникалық мүмкіндігі жоқ немесе ауылды жерлерде интернет әлсіз болса жатақханаға орналасуына болады. Қазір 7 мыңдай студент жатақханаларда қашықтан білім алып жатыр. Қарашаның 26-сы басталған сессия желтоқсанның соңына дейін жалғасады.  

Университеттерде цифрлық жүйе жетілген. Басым бөлігі құжаттарды электронды форматта қабылдауға көшкен. Бұл екі жақты байланысты нығайтуға зор мүмкіндік. Студенттердің 95 пайызы қашықтан оқып жатыр. Аралас форматта оқитын 5 пайызы медициналық, құрылыс, инженерлік- техникалық бағытта білім алатын жастар.

Бану Нарбекова, ҚР БҒМ Жоғары және ЖОО-дан кейінгі білім департаменті директорының орынбасары:
93 пайызы емтиханды қашықтан тапсырады. Емтиханның бірнеше форматы бар. Эссе жазу, жоба, тестілеу. Студенттің білімін шынайы тексеру үшін прокторинг жүйесі көптеген ЖОО-ға енгізіліп отыр. 

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу