«Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барды. Жезқазған қаласы мен Ұлытау ауданында болып, өндіріс орындарын аралады. Онда еңбек құқығының сақталуы, жаңа жұмыс орындарын ашу мәселелеріне тоқталды. Жаңа модульді инфекциялық клиникада медицина қызметкерлерімен де кездесіп, коронавирспен күрестегі дәрігерлердің еңбегін ерекше бағалады. Әрі өңірдің жас белсенділерімен жүздесіп, партияның алға қойған мақсатымен бөлісті.
Бауыржан Байбек, «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:-Партияның негізгі мақсаты неде? Билікке білімді, елім, халқым деген азаматтарды әкелу. Мамандарды әкелу. Әділ таза жұмыс істейтін. Солай ғой? Сондықтан Елбасы тапсырмасы бойынша біз билеуші партия ретінде өзгеріп жатырмыз.
Досжан Маратұлы