400 млн теңгенің меджабдықтары гуманитарлық көмек ретінде заңсыз импортталған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

400 млн теңгенің меджабдықтары гуманитарлық көмек ретінде заңсыз импортталған

10.12.2020

Құны 400 млн теңгеден астам медициналық бұйымдар гуманитарлық көмек ретінде заңсыз импортталған. Жеке компания осылайша салықтан жалтарып, пайдаға қарық болуды көздеген. Өйткені заңға сәйкес гуманитарлық жүк кеден салығынан босатылады. Бірақ тауар сатылғандықтан, мемлекетке төлем түсуі тиіс. Оның сомасы 40 млн теңгеден асады. Қазір осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Сондай-ақ 140 млн теңге болатын қорғаныс құралдарын сыртқа шығармақ болған кәсіпкер ұсталды. Пандемия кезінде оған шектеу бар. 

Роллан Яғмұсов, ҚР Көлік прокуратурасының аппарат басшысы:
Дер кезінде оларға тосқауыл қойылып, оған қатысты экономикалық контрабанда бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бас бостандығын 1 жыл 6 айға шектеді.

Нысаналы Ығыл

қылмыс Контрабандалық тауарлар гуманитарлық көмек

Хабарламаларға жазылу