Денесін 1-ші, 2-ші дәрежелі күйік шалған азамат қазір ауруханада жатыр.
Оқыс оқиға пластик терезелер жасайтын кәсіпорынның құрлысы аяқталмаған нысанында болған. Зардап шеккен азамат - осы кәсіпорынның күзетшісі.
Алдын ала болжам бойынша, газ плитасын пайдалануда кеткен қателіктен үш газ баллоны жарылған. Соның салдарынан ғимараттың шатыры мен қабырғасы құлап, 280 шаршы метр аумақ отқа оранған.
Дәуренбек ӘБДІБЕК