Қарағанды облысының Шахан кентінде көпқабатты үй құлап, 9 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысының Шахан кентінде көпқабатты үй құлап, 9 адам қаза тапты

02.01.2017
Қарағанды облысының Шахан кентінде бес қабатты үйдің бір подъезі опырылып түсті. Қайғылы апатқа қазандықтың жарылуы себеп болған.
Қазір құтқарушылар құлаған үйді аршып жатыр. Дәл осы сағатта үйінді астында қалып қойған 9 адамның денесі шығарылды. Олардың арасында 3 бала бар. Ал, 6 адам аман, екеуі аздап дене жарақатын алған.

«Жалпы, бұл подъезде 25 адам тұрған. Сондықтан, үйінді астында тағы да тұрғындардың болуы мүмкін», - дейді төтенше жағдай мамандары.

Қазір оқиға орнында 280 адам мен бірнеше техника жұмыс істеп жатыр.

Хабарламаларға жазылу