Алматы маңында жер сілкінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы маңында жер сілкінді

11.12.2020
Алматы маңында жер сілкінді

Алматы маңында қуаты 4,3 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедицияның сайты.

«Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 79 км жерде орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық классы 9. Магнитудасы MPV 4.3. Тереңдігі 15 км», - делінген хабарламада.

Сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісі Алматы аймағында сезілмеген. Жер асты дүмпуі жергілікті уақыт бойынша бүгін таңғы сағат  04:05-те болды.


жер сілкінді Алматы

Хабарламаларға жазылу