Қарағанды облысының Шахан кентінде бес қабатты үйдің бір подъезі опырылып түсті. Қайғылы апатқа қазандықтың жарылуы себеп болған.
Қазір құтқарушылар құлаған үйді аршып жатыр. Дәл осы сағатта үйінді астында қалып қойған 9 адамның денесі шығарылды. Олардың арасында 3 бала бар.
Ал, 6 адам құтқарылған. Олардың екеуі аздап дене жарақатын алған.
«Жалпы, бұл подъезде 25 адам тұрған. Сондықтан, үйінді астында тағы да тұрғындардың болуы мүмкін», - дейді төтенше жағдай мамандары.
Қазір оқиға орнында 280 адам мен бірнеше техника жұмыс істеп жатыр.