Ет бағасын реттеу үшін арнайы сайт іске қосылмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ет бағасын реттеу үшін арнайы сайт іске қосылмақ

11.12.2020

Ет бағасын реттеу үшін арнайы сайт іске қосылмақ. Оның құны жыл басынан бері 15 пайызға өскен. Ет одағының төрағасы бағаны өсіретіндер негізінен базардағы сатушылар деп отыр. Айтуынша енді құнның негізсіз өсуіне жол бермеу үшін арнайы онлайн платформа әзірленіп жатыр.

Ол келесі жылдың бірінші жарты жылдығында іске қосылмақ. Сол кезде тұтынушылар етті тікелей өндірушілерден сайт арқылы онлайн ала алады дейді. Сөйтіп ет саудасының 40 пайызы онлайн болған кезде, базарлардағы баға 15-20 пайызға дейін арзандайды деп болжап отыр.   

Досжан Маратұлы  


Ет баға

Хабарламаларға жазылу