Мұнай бағасы өсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұнай бағасы өсті

11.12.2020

Брент маркалы мұнайдың бағасы 50 доллардан асты. Қазір оның баррелі 51 доллардан сатылып жатыр. Мұндай баға соңғы рет наурызда, әлемдік пандемияның кесірінен қара алтын құны арзандай бастағанда болған еді. Құнның көтерілуіне сұраныстың артуы себеп. Оның үстіне ОПЕК+ ұйымы өндірісті арттыруға келіскені де бағаға оң әсер етіп жатыр. Сарапшылар келесі жылы да мұнай баррелі 50-55 доллар шамасында болады деп болжап отыр. Бағаның өсуінен теңге де нығайып келеді.  

Бұл төл ақшамыз долларға шаққанда екі теңгеге нығайды. Қор биржасындағы сауда нәтижесі мынадай. Америкалық көк қағаз 419, Еуро – 509, Ресей ақшасы – 5 теңге 70 тиынға тең.

Досжан Маратұлы  


Мұнай баға

Хабарламаларға жазылу