Президент қайырымдылық туралы арнайы заң қабылдауды тапсырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент қайырымдылық туралы арнайы заң қабылдауды тапсырды

13.12.2020

Арыс пен Мақтааралдағы қайғылы оқиғаларды ескере отырып, күрделі техногенді апаттардан кейінгі құтқару жұмыстарын жүргізу үшін еріктілер дайындайтын арнайы оқыту курстарын ашу қажеттігі туып отыр.  

Волонтерлар жылына орай өткен жиында қайырымды жандарға, қайырымдылық істерге байланысты жоғары пафосты әңгіме ғана айтылған жоқ. Нақты ұсыныстар берді. Президент Қ.Тоқаев қайырымдылық қызметіне жүйелі түрде қолдау көрсетіп, қайырымдылық туралы арнайы заң қабылдауды тапсырды.

Волонтерлік – ерікті түрде істейтін пайдалы қоғамдық қызмет. Ақысына пұл талап етпей. Әрине, мұндай қысқа сипаттама бұл қызметтің мән-мағынасын ашпайды. Олардың рөлін қоғам жаздыгүні тағы бағамдады. Вирус өршігенде қауіп-қатерге қарамай, жоқ-жітікке, қиналғанға ас-ауқат, дәрі-дәрмек тасыған, адам қолы жетпей жатқан ауруханаларға барып көмектескен волонтерлар, солардың ұйымдары. Олар әлсізге көмектесумен шектелмейді. Техногендік, басқа да апаттар болғанда зардаптарын жоюға, табиғат қорғау бағытында көп іс тындырып жүр. Жүйелі түрде айналысатындардан басқа, қолы қалт етсе, мейірімге толы әрекеттер жасауға ұмтылатындар бар. Данияр Қайыртайдың материалы.


Президент қайырымдылық Мақтаарал Волонтерлар жылы

Хабарламаларға жазылу