Арнайы дайындықсыз зияткерлік мектептерге түсу мүмкін емес - Сәлім Қойшыбай - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арнайы дайындықсыз зияткерлік мектептерге түсу мүмкін емес - Сәлім Қойшыбай

13.12.2020

Жалпы білім беретін мектепте оқып ғана емтихан-сынақтардан өту, түрлі олимпиадаларда жеңу мүмкін емес. Мектеп бітіргесін далада қалмайтын білім беретін университетке түсу де. Сондықтан ата-аналар мектепте оқитын баласын мемлекет қаржыландыратын сапалы білім беретін мектепке түсіргісі келеді. Ал ол үшін де репетитор жалдайды, қосымша курсқа береді.  

Демек мемлекет қаржыландыратын сапалы білім ошағына тек дарынды бала іріктеліп алынады дегенмен, оған жай мектепте оқитын бала түсе алмайды. Дәлірегі - әбден дайындалған бала ғана өтеді. Демек қабылданған оқушының бәріне «дарынды» деген тіркес онша келмейді, әбден дайындалған деу керек. Негізі жақсылап оқытса, кез келген дерлік бала қабілетті.

Мұның бәрін неге тәптіштеп айтып тұрмыз? Осының бәрі орта білім берудегі проблемаларға нұсқайды - интернет қолжетімсіз, тәжірибе жасайтын лабораториялар жоқ, кітапхана заманауи емес, кітап қоры ескірген. Мұнан соң барлық мектепке бірдей жағдай жасау, қаржыны әділетті бөлу тәрізді сауалдар шығады. Ауыл баласы көп жағдайда дискриминация – алалауға ұшырап отыр. Ақерке Бектас талдап көреді.


Мектеп білім

Хабарламаларға жазылу