Коронавирустан сақтану үшін алдымен иммунитетті көтеру керек. Себебі бұл вирус ауа тамшылары арқылы адамнан адамға жұғады және иммунитеті төмен адамдардың, жүкті әйелдердің және қарттардың жұқтыру қаупі жоғары. «Дегенмен өз бетінше ем іздеу дұрыс емес», - дейді мамандар.
Майра Шолпанқұлова, дәрігер-инфекционист:
Ковидті антибиотикпен емдеп жатады. Бірақ ол дұрыс емес. Себебі вирусқа қарсы антибиотик әсер етпейді. Тек қана дәрігердің тағайындауымен ем алу керек. Жаңажылдық кештерде топ болып жиналмай, әр жанұя өз үйінде қарсы алған дұрыс. Себебі бөгде адамдармен қатынас болған сайын жұқтыру қаупі жоғары болады.
Мәдина Жолдас