Алматы облысында үй өртеніп, бүтін бір отбасы қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында үй өртеніп, бүтін бір отбасы қаза тапты

14.12.2020

Алматы облысының Шонжы ауылында үй өртеніп, оқиға орнынан төрт адамның денесі табылды. Қайғылы жағдай 13 қараша күні таңғы 5.00-дер шамасында болған. Өрт сөндірушілер тілсіз жауды сағат 6.45-те толық сөндірген. Қайтыс болғандар 1992 және 1997 жылы туған ерлі-зайыптылар мен олардың 3 және бір жастағы балалары болып шықты. Қазір өрттің себептері анықталып жатыр. 

Қуаныш Қанатұлы

Алматы облысы

Хабарламаларға жазылу