Нығматулин депутаттарға және Аппарат қызметкерлеріне мемлекеттік марапаттарды тапсырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нығматулин депутаттарға және Аппарат қызметкерлеріне мемлекеттік марапаттарды тапсырды

14.12.2020

Тәуелсіздік күні қарсаңында министрліктер мен ведомстволардың қызметкерлері және бірқатар шет ел өкілдері мемлекеттік наградаларға ие болды. Президент Жарлығына сәйкес, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін берілген марапаттарды Үкімет басшысы Асқар Мамин табыстады. 

Сондай-ақ, бірқатар сала қайраткерлері марапатталды. Салтанатты рәсімді Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев өткізді. Тәуелсіздік күні қарсаңында елдің дамуы мен тиісті саланың өркендеуіне қосқан үлесі үшін ғалымдар мен дарындар мемлекеттік наградалар мен сыйлықтарға ие болып отыр.   

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин депутаттарға және Аппарат қызметкерлеріне мемлекеттік марапаттарды тапсырды. Мемлекеттік және қоғамдық қызметі үшін, еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы ынтымақтастық пен достықты нығайтуға қосқан үлесі үшін ІІІ дәрежелі «Барыс» ордені Мәжіліс депутаты Омархан Оксикбаевқа берілсе, «Парасат» ордені Жексенбай Дүйсебаев пен Дания Еспаеваға табыс етілді. «Құрмет» орденіне Жамбыл Ахметбеков ие болды. Ал, «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалі Мәжіліс депутаты Александр Сусловқа берілді.  

Дарын Сағитов  


Хабарламаларға жазылу