Қарашығанақ дауына ақыры нүкте қойылды. Ірі кен орнында мұнай-газ өндіретін Шэлл, Лукойл, Шеврон секілді алпауыт корпорациялар ұзақ жылдар бойы Энергетика министрлігімен тартысып келген еді. Өйткені келісімшартта түсінбеушіліктер болып, тараптар қара алтын өндірісінен түскен табысты бөлісе алмаған. Тіпті министрлік бұған дейін еліміз бір жарым миллиард доллар түсімнен қағылғанын айтқан. Енді бірнеше жылға созылған дау еліміздің пайдасына шешіліп отыр. Қарашығанақ консорциумы 1 миллиард 300 миллион доллар шамасындағы өтемақыны төлеп те қойды. Әрі 2037 жылға дейін елімізге тағы 600 миллион доллар беруі керек.
Досжан Маратұлы