Келер жылы тағы 6 мың шақырымға жуық жол ақылы болады. Ол Шымкент-Ташкент, Қапшағай-Талдықорған, Нұр-Сұлтан-Павлодар, Атырау-Ақтау секілді тоғыз жол учаскесі. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясының басқарма төрағасы мәлімдеді. Түскен қаржы учаскелерді күтіп ұстауға жұмсалады. Әзірге, елімізде 700 шақырдай жол ақылы. Сондай-ақ оларға «Сергек» камералары орнатылады. Сондықтан жылдамдықты 140 шақырымнан асырғандарға автоматты түрде айыппұл салынбақ.
Досжан Маратұлы