Қара алтын қайта арзандай бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қара алтын қайта арзандай бастады

15.12.2020

Қара алтын қайта арзандай бастады. Брент маркалы мұнайдың бағасы бүгін сәл төмендеп, баррелі 49 доллардан сатылып жатыр. Құнның түсуіне сарапшылар коронавирустың қайта ушығуы себеп дейді. Індеттің кесірінен мұнай өңдейтін зауыттар өндірісті азайтып отыр. 

Сәйкесінше сұраныс та түскен. Ал ОПЕК+ ұйымына мүше қара алтын өндіруші елдер қаңтардың басында қайта келіссөздер өткізуді жоспарлап отыр. Баға құлдырауын жалғастырса, өндіріс көлемін қайта азайту туралы шешімге келуі мүмкін.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу