Мемлекет басшысы ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысты

20.12.2020

Аптада ТМД -ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы бейне-конференция форматында өткен, оған біздің Президентпен бірге Әзірбайжан, Беларусь, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан Президенттері қатысты. Қ.Тоқаев тоқталған мәселелердің бірнешеуіне біз тоқталсақ. 

Ол дүниежүзіндегі қиын ахуалды коронавирус пандемиясы одан әрі шиеленістіріп жібергенін жеткізді. Бірқатар ұсыныс жасады, оның ішінде, коронавирус індетімен бірлесе күрес бар.

Қазақстан Президенті тоқталған тағы бір мәселе - қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету. Оның пікірінше, мемлекетаралық қатынастардың шиеленісуі, өзара сенімсіздік жағдайында орнықты даму мен ілгерілеу мүмкін емес.


ТМД кеңес Мемлекет басшысы

Хабарламаларға жазылу